Сіз біздің бөлімшеге хабарласып, осы жүк тасымалдауға қабылданған құжатты көрсетіп, жүкті қайтару туралы өтінішті толтыруыңыз қажет. Егер жүкті алушы әлі қабылдамаса, сіздің өтінішіңіз бойынша ол кері қайтарылады. Бұл жағдайда жүкті екі бағытта тасымалдау бойынша қызметтерді, жүкті межелі қалада сақтау құнын (егер ол жүк алушы хабардар еткен күннен бастап 1 күн ішінде алынбаса) сізге төлеуге қажет болады.